Құтқарушылар тау маршрутынан адасқан туристерді алып шықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
«Көкжайлау» шатқалында екі бойжеткен адасып кетті. Олар құтқару қызметіне хабарласып, бағыттан жаңылысқандарын айтты және өздерінің координаталарын жолдады.
Көмекке дереу «ҮАШ» бақылау-құтқару бекетінің экипажы аттанды. Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар зардап шегушілермен визуалды байланыс орнатып, оларға жедел жетті.
Түнгі уақытта тік, қарлы беткейлермен баяу түсу нәтижесінде туристер қалаға аман-есен жеткізілді.
