Кәмелетке толмаған жолаушыны бортқа мінгізбеген "FlyArystan" жауапкершілікке тартылды

Оқиғалар
09.08.2024
14:47
Кәмелетке толмаған жолаушыны бортқа мінгізбеген "FlyArystan" жауапкершілікке тартылды
Азаматтық авиация комитеті "FlyArystan" авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 

"Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек. Азаматтық авиация комитеті, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен бірлесе "FlyArystan" авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді.Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады",- делінген хабарламада



Кейін мәлім болғандай, рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін "FlyArystan" жауапкершілікке тартылды
 

"Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) "FlyArystan" әуекомпаниясына қатысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада



ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. 

Жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитетінің жұмысында басымдықтардың бірі болып табылады және авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылатын болады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.