Астана халықаралық әуежайы Scat авиакомпаниясының Астана - Санкт-Петербург бағытындағы DV821 рейсінің кешігіп жатыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
Сағат 08:30-да ұшып шығуы тиіс рейс техникалық себептерге байланысты 13:10-ға шегерілді.
200-ге жуық жолаушы кешігу туралы дереу хабардар етіліп, күту кезінде тамақ және сусынмен қамтамасыз етілді. Әуежайға ауыстырылатын ұшақ келіп, отырғызу басталды. Рейс сағат 13:10-да ұшады деп күтілуде.
Астана әуежайы мен «Scat» авиакомпаниясы жолаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істеуде.
Біз жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, болған жағдайға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.