Тәжікстан Түркия азаматтарына визалық режим енгізді

Шетелдік жаңалықтар
16.04.2024
21:55
Тәжікстан Түркия азаматтарына визалық режим енгізді
2024 жылғы 20 сәуірден бастап Қазақстаннан Түркияға рейстердегі Тәжікстан азаматтарында қолданыстағы түрік визасы болуы қажет, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Өзгерістер Түркия Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 сәуірдегі «Тәжікстан азаматтарының Түркияға кіруіне қатысты» қаулысына байланысты күшіне енді.
 
Қаулы әлі де виза талап етілмейтін Тәжікстан азаматтарының санаттарын да реттейді. Визасыз Түркияға дипломатиялық паспорт иелері, Түркияда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар және Түркия азаматтарымен ресми некеде тұрған адамдар кіре алады.
 
Билеттерді сатып алғанда мұқият болыңыз — Түркияға кіру визасын алдын ала рәсімдеңіз.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.