Жақында Колумбияның Медельин қаласындағы мейрамхананың төбесінен ұшып бара жатқан тікұшақ кенеттен құлдилап төмен қарай құлады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Сол маңда жүрген куәгерлердің бірі тікұшақтың құлаған сәтін видеоға түсіріп алған. Оқиға 26 ақпанда орын алған болатын.
Daily Mail жазуынша, әуе апатынан алты адам аман қалған. Олар екі ұшқыш және төрт жолаушы. Жолаушылар АҚШ, Колумбия және Коста-Рика азаматтары.
Ұшқыштың бірі жедел түрде жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Bell 206 тікұшағы әуеге көтеріле берген сәтте кенеттен құлап, ғимараттың төбесіндегі антенна мен қабырға арасында ілініп қалған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.