Көктемнің алғашқы күнінде Самарқандта қар жауды

Шетелдік жаңалықтар
01.03.2024
22:00
Көктемнің алғашқы күнінде Самарқандта қар жауды
Көктемнің алғашқы күніне қарамастан, Самарқандта ауа-райы бұзылып, қар жауды, деп хабарлайды Travelpress.kz
 
Мәскеуден «Аэрофлот» және Санкт-Петербургтен «Россия» авиакомпаниясының рейсі Навои әуежайына кері қайтарылды. Рейстер болса кейінге шегерілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көне Самарқанд қаласына жасалатын экскурсиялар да тоқтатылды. Оның басты себебі – жол тайғақ.

Табиғи құбылысты қала қонақтары ерекше көңіл-күймен қабылдады. Туристер Гури-Әмір кесенесі, Шахи-Зинда күмбездері мен ескі қала көшелерін суретке түсіріп, қарқ болды.  

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.