Дубайды су басты

Шетелдік жаңалықтар
16.04.2024
21:25
Дубайды су басты
Дубайда 15 сәуір күні кешке дейін жауған жаңбыр толастаған жоқ, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Anadolu Ajansi сайты жазды. 

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты метро қатынасы үзілді. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимараттар мен аудандарда электр қуаты мен су жоқ.

Қолайсыз ауа-райына байланысты Дубай мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу мерзімін ұзартты.


Сонымен қатар билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Қаланың кейбір аудандарында су деңгейі көтерілді. Көптеген жерлерде су тізеге дейін жетті. Қалада 17 рейс тоқтады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.