21 наурызда таңертең Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы танымал туристік курортта өрт шықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Алдымен айлаққа байланып тұрған "Баба" ағаш кемесі жана бастаған. Кейін өрт желдің екпіні күшейген соң жақын маңдағы Адмирал Блэк кемесіне қарай тарайды. Оқыс оқиғадан бір адам зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді
Өртті сөндіру үшін Алания өрт сөндірушілері мен Анталия құтқару қызметі, сондай-ақ Алания жағалау күзетінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Қайық иелері болса, яхтаны теңізге шығарып, мүліктерін сақтап қалу үшін оқиға орнына келді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.