Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті

Басты жаңалықтар
27.12.2023
16:48
Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті
Ар-Рияд, 2023 жылғы 20 желтоқсан – Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты.

Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.