Астана әуежайында рейстердің өзгеруіне байланысты орталық тәулік бойы жұмыс істейді

Басты жаңалықтар
02.07.2024
18:23
Астана әуежайында рейстердің өзгеруіне байланысты орталық тәулік бойы жұмыс істейді
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұдан басқа, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейтін болады.

Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін жолаушыларға келесі байланыстар арқылы хабарласу ұсынылады:

- «Air Astana» + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
- «FlyArystan» +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
- «SCAT» +7 7252 99 88 80; - «Qazaq Air» + 7 727 356 14 14;  
- "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ +7 7172 798213.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.