"Визасыз бара алатын елдер тізімін кеңейту керек" - Ержан Еркінбаев

Қазақстан жаңалықтары
09.07.2024
16:54
"Визасыз бара алатын елдер тізімін кеңейту керек" - Ержан Еркінбаев
Туризм және спорт вице-министрі шетелдік БАҚ өкілдеріне Қазақстанның туристік орындары туралы айтып берді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 
 
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елордада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінен ақпарат таратуға келген Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, АҚШ, Чехия және Сербия журналистері қатысты.
 
Кездесу барысында Ержан Еркінбаев журналистерге Қазақстандағы туризмнің дамуы, маркетинг саласында жүргізіліп жатқан саясат, туристік инфрақұрылымның дамуы және елдің визалық режимі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
 
Сондай-ақ визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейту және Еуропа мен Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстер санын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
 
Журналистер туристік ағынды дамытуға, инфрақұрылымға және «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын» өткізу жөніндегі бастамаларға қызығушылық танытты. Әңгіме барысында Қазақстанда туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
 
Жиынға қатысушылар Қазақстанның туристік әлеуеті, туристер мен саяхатшылардың мүдделері, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдер арасындағы туристік ағымды одан әрі ұлғайту перспективалары туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.