Вьетнамнан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан жаңалықтары
19.03.2026
17:54
Вьетнамнан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жаңа бағыттар ашу және қолданыстағы әуе бағыттары бойынша рейстер санын көбейту жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

11 шілдеден бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр. Бұл рейстер аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемесімен орындалады.


 

Аталған рейстер Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді.


 

Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.


 

Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.