«Тина Канделаки Қазақстанға кірмейді», - СІМ жауап берді

Қазақстан жаңалықтары
22.01.2024
16:05
«Тина Канделаки Қазақстанға кірмейді», - СІМ жауап берді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанға кірмейтінін растады, деп жазды Travelpress.kz.

«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келсе кірмейді. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты "бүгін, ертең кіргізбейсіздер ме?" деп талап етпеңіздер. Қазақстанға келе қоймас, егер келген жағдайда кірмейді» - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.


Белгілі тележүргізуші Тина Канделаки Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгергенін алға тартқан еді.
Бұл қоғамда қызу талқыланды. 

Фото: instagram.com/tina_kandelaki/
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.