Астанада 3 шілде күні отшашу атылады

Қазақстан жаңалықтары
02.07.2024
18:10
Астанада 3 шілде күні отшашу атылады
Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.