Air Astana әуе флоты Airbus A320neo ұшағымен толықты

Қазақстан жаңалықтары
16.08.2024
10:25
Air Astana әуе флоты Airbus A320neo ұшағымен толықты
Бүгін топ флоты 56-ші Airbus A320neo ұшағымен толықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы "Air Astana" әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.   

Жаңа ұшақ Air Astana тобындағы Airbus отбасының 50-ші ұшағы. Жыл соңына дейін тағы екі ұшақты жеткізу жоспарлануда. Airbus A320neo жалпы сыйымдылығы 148 орын: бизнес-класта 16 және эконом-класта 132 орын.

«Air Astana компаниялар тобы халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуі аясында дамудың жаңа кезеңінде тұр. Airbus A320 ұшақтары Air Astana және FlyArystan үшін жақсы қызмет көрсетуде. Алдағы бірнеше жылда ұшақтар паркі қарқынды түрде кеңейе бермек», - деді бас атқарушы директор Питер Фостер.

 
Топ флоты кестеден оза кеңейіп, 2023 жылдың соңындағы 49 ұшақтан бүгінгі күні 56 ұшаққа дейін ұлғайды. Airbus ұшақтарының есебінен тасымал сыйымдылықтарды белсенді түрде өсіру Pratt & Whitney қозғалтқыштарындағы мәселелердің алдын алуға, маршруттық желіні оңтайландыруға және Топтың өсу стратегиясын қолдауға бағытталған. 2028 жылдың соңына қарай Топтың жалпы флоты негізінен Airbus отбасынан тұратын 80 ұшаққа жетеді деп жоспарлануда.
 
Air Astana компаниялар тобының қоршаған ортаға әсерді азайту және операциялық тиімділікті арттыру бойынша стратегиялық мақсаттарына сәйкес, жаңа Airbus ұшақтары шығарындыларды және шу деңгейін төмендетуге, отын шығынын азайтуға және ұшу қашықтығын ұлғайтуға мүмкіндік беретін озық технологиялармен жабдықталған. Осы үлгiдегi авиалайнерлер Топтың болашақта экологиялық және тиiмдi флотты қамтамасыз ете отырып, орнықты дамуға бейiмдiлiгiн бiлдiредi.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.