29 наурыздан бастап Ташкенттен Атырауға ұшуға болады

Қазақстан жаңалықтары
24.03.2026
12:32
29 наурыздан бастап Ташкенттен Атырауға ұшуға болады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады. Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.


 

Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды.


 

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


 

Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.