180 қазақстандық Сауд Арабиясындағы Джидда әуежайынан елге қайта алмай отыр

Қазақстан жаңалықтары
15.04.2024
12:33
180 қазақстандық Сауд Арабиясындағы Джидда әуежайынан елге қайта алмай отыр
180 қазақстандық Сауд Арабиясындағы Джидда әуежайынан елге орала алмай отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Рейстер Иранның Израильге жасаған әуе шабуылына байланысты тоқтатылған, бұрын хабарланған еді.   

Әйгерім Томышеваның айтуынша, онымен бірге Джидда әуежайында 178 қазақстандық бар. Адамдар бір тәулік бойы рейстерін күтіп шаршағандарын алға тартады. 

"Біз Қазақстаннан 14 күнге Меккеге Джиддаға ұшып келдік, қажылыққа барғымыз келді. Қажылық жасадық, бәрі аяқталды. Кеше кешкі сағат 10-да біз Джидда халықаралық әуежайына келдік және сағат 12:25-те Flynas ұшағымен ұшуымыз керек еді, бірақ Иран мен Израиль арасында қақтығыс болғандықтан рейстер тоқтатылды. Біз бір күн бойы аш отырмыз, тіпті Джидда әуежайынан қуып жібермек болды. Консул ештеңе жасамайды. Анық ештеңе айтпайды. Мұнда 180 қазақстандық бар", - деді Әйгерім Tengri Travel тілшісіне жолдаған видеода.


Амалы таусылған қазақстандықтар Джидда әуежайында қалуға мәжбүр. Бірнеше рет оларды әуежайдан шығарып жіберуге тырысқан. Ал оларға келген консул "жағдай тек 17 сәуірде шешіледі деп уәде берген”.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.