«Эйр Астана» ұшағы дүлей дауыл кезінде Лондон әуежайына әрең қонды

Оқиғалар
04.01.2024
19:49
«Эйр Астана» ұшағы дүлей дауыл кезінде Лондон әуежайына әрең қонды
«Эйр Астана» ұшағы қатты дауылдың салдарынан Лондонның Хитроу әуежайына экстремалды қонды. Бұл туралы BBC News Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Тіпті ұшақтың қону сәтін сол маңда жүрген тұрғындардың бірі бейнетаспаға түсіріп алған. Видеода отандық әуе кемесінің теңселгенін байқауға болады.

Эйр Астана компаниясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Олардың айтуынша, бұл 2024 жылдың 2 қаңтарында орын алған. Алматы - Лондон рейсі бойынша A321LR ұшағы боранды ауа-райында аман-есен қонды.
 

"2024 жылғы 2 қаңтарда әуе компанияның ұшағы Лондонға (Хитроу) қонатын кезінде жылдамдығы сағатына 67-90 шақырым болатын екпіні күшті жел соқты, бұл жер бетіне жақын жерде турбуленттіліктің күшеюіне себеп болды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

 


 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.